Оралда ер адамды пышақтап өлтірген күдікті ұсталды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Полицияның мәліметінше, оқиға 19 мамырда сағат 04:22-де «Али» кафесі маңында болды.
«Белгісіз біреу 1995 жылғы жігітті пышақтап кеткен. Жарақаттар салдарынан марқұм ауруханада көз жұмды. БҚО полиция департаменті криминалдық полициясы жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде 19 жастағы күдікті қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Барлық тиіс сараптама тағайындалды. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», - делінген хабарламада.