Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Айына 300 мың теңге жұмсаймыз»: қымбатшылықты депутаттар да сезіне бастаған (ВИДЕО)

Қазақстанда қымбатшылықты депутаттар да сезіне бастады, деп хабарлады Paryz.kz Halyq Unі-не сілтеме жасап.

«Айына 300 мың теңге жұмсаймыз»: қымбатшылықты депутаттар да сезіне бастаған (ВИДЕО)
коллаж: Halyq Uni

Президент Мәжіліс сайлауынан кейін Үкіметке инфляцияны тежеуге, қымбатшылықты тоқтатуға тапсырма берген еді. Сіздер мәселені бақылап отырсыздар ма, нақты іс-әрекет бар ма? Міндет орындалмаса, Үкіметтің отставкасын қашан талап етесіздер?, - деп сұрады тілші Мәжіліс депутаттарынан.

Жарқынбек Амантайұлы, депутат:

- Біздің фракцияда (премьер-министрлікке) Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынатын кезде ішінара үлкен талас-тартыс болған Алайда біз фракция мүшесі болғандықтан (оған) бір рет мүмкіндік берейік деп ұстанымға келістік. Алайда мұнда бір мәселені ескеру керек. Әрине, (ол) сенімді ақтамай жатса, оны (Әлихан Смайыловты – автор) қолдап тұрмасым анық. Мен – AMANAT партиясы фракциясының мүшесімін.

Наурыз Сайлаубай, депутат:

- Біздің фракция (Премьер-министр қызметіне Әлихан Смайыловтың кандидатурасына) қарсы болды. Қазір барлық әріптесіміз қымбатшылықпен күресу жайында депутаттық сауалдар жолдап жатыр. Күзге дейін (Үкіметке) уақыт бердік. Алла қаласа, күзге дейін көреміз. Өзіміз де (бағаны) бақылап отырмыз. Қарапайым адам болғандықтан қарапайым жерден сауда жасаймыз.

Жанарбек Әшімжанов, депутат:

- Бұл мәселе (депутаттардың) тікелей бақылауында. Себебі, халықтың бірінші талап-тілегі ғой. Президент тапсырмасын берді. Қазір кішкене нәтиже бар секілді. Алайда (жұмыс) толық жүзеге асырылған жоқ. Енді (Үкіметтің) отставкасын сұрай қоймаспыз. Бірақ күзге дейін азық-түлікпен қамтамасыз ету, бағаны тұрақтандыру мәселесі тұрақталады деп ойлаймын.

Көпбалалы әке ретінде базарды жиі аралаймын. (Бағаның өскенін) қатты сезініп жатырмыз. Шын мәнінде, қазір тек азық-түліктің өзіне 250-300 мың теңге жұмсалады.

Аян Зейнуллин, депутат:

Жылдың соңына дейін мәселені шешу үшін Үкіметке уақыт бердік. Нақты нәтиже болмаса, (Үкіметтің) отставкасын қабылдаймыз. Шынымды айтсам, қазір олар істеп жатқан жұмыстың нәтижесін көріп отыр жоқпын. Олар (Үкімет) бағаны төмендету үшін көбінесе (тауар) экспортын жауып тастайды. Осылайша, бағаның өсуін тоқтатады. Алайда бұл – уақытша.Отбасымызда 4 адам бар: мен, әйелім және 2 балам. Мысалы, айына азық-түлікке 150 мың теңге жұмсалады.

Қарақат Әбден, депутат:

- Қырқына шыдадық, қырық біріне шыдайық. Үкіметке жұмыс істеу үшін уақыт беруіміз керек.

Депутаттар да өздеріңіз сияқты қарапайым азаматтар. Мен де базарға, дүкенге барамын. Әрине, қазіргі инфляциямен өмір сүру өте қиын. Кеше ғана базарда болдым. (Тауарлардың) бағасы күн сайын көтеріліп жатыр: нан, ет және тағы басқа.