19.05.2023, 10:04

Шымкентте неке түнінде әйелін өлтірген азаматқа сот үкімі шықты

Фото: polisia.kz

Шымкентте неке түнінде әйелін өлтірді деп күдікке ілінген азамат 9 жылға сотталды, деп хабарлайды Paryz.kz агенттігі 31-арнаның «Информбюро» қызметіне сілтеме жасап.

Бірақ «адам денсаулығына аса ауыр зиян келтіру» бабы бойынша істі болған шымкенттік 39 жастағы тұрғын өз кінәсін мойындаған жоқ.

Ал 32 жастағы марқұмның анасы жазаның тым жеңіл болғанын айтып, сұхбат беруден бас тартты.

Еске салайық, қайғылы оқиға өткен жылдың 26 маусымында болған еді. Күдікті екі айдан кейін ұсталған. Ер адамның бірінші некесінен 4 баласы, ал марқұмның артында 1 қызы қалды.

Күйеуінің қолынан қаза тапты деген әйел мектепте мұғалім болған. Қылмыскердің туыстарының айтуынша, олар қайғылы оқиға болатын күні мұсылманша некелерін қиған екен. Ал сот барысында олардың ішімдік ішкені анықталған.