Оппозиционер Жасарал Қуанышалин өмірден өтті

Журналист, оппозиционер, қоғам қайраткері Жасарал Қуанышалин 75 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Оның қайтыс болғанын белсенді Ниязбек Юсупов растады.

Оппозиционер Жасарал Қуанышалин өмірден өтті
Фото: sputniknews.kz

Жасарал Қуанышалин 1949 жылы 7 сәуірде Ақтөбе облысының Қарабұтақ ауданында дүниеге келген.
1966-1967 жылдары Ақтөбе қаласындағы №7 ПТУ-да "автокран машинисі" мамандығында оқыған.

1972-1978 жылдары Киров атындағы ҚазМУ-дың филология факультетін "орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы" мамандығымен тәммадады.

1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін сырттай бітірген. Мамандығы - заңгер.

1994-1995 жылдары Қазақстан Жоғарғы кеңесінің депутаты болған.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
БАҚ беттерінен белгілі болғандай, ол 16 мамыр күні аурухананың жансақтау бөліміне түскен.

Бүгін түстен кейін Жасарал Қуанышәлинді дәрігерлер жасанды тыныс аппаратына жалғаған, алайда жүрегі шыдамаған.