Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

Жетісай тұрғыны бижутерияны алтын деп алдап, 4 млн теңгеге ломбардқа өткізген

Түркістан облысының тұрғыны алтынға ұқсас әшекейлерді ломбардқа 4 млн теңгеге өткізген, деп хабарлайды Paryz.kz полицияға сілтеме жасап.

Жетісай тұрғыны бижутерияны алтын деп алдап, 4 млн теңгеге ломбардқа өткізген
Фото: polisia.kz

 

Жетісай аудандық полиция бөліміне ломбардтан арыз түсті.

Шағымданушы ер адамның айтуынша, сенімге кірген әйел алтынға ұқсас әшекейлерді алдап өткізіп, жәбірленушіге 4 млн теңге шығын келтірген.

Аталған факті ҚР ҚК 190-бабы бойынша тіркеуге алынды. Жергілікті тұрғын анықталды.

Белгілі болғандай, тұрақты тұтынушы болып күдікті әйел алғашқы уақытта алтынның өзін өткізіп, артынан әшекей алқаларды да қосып отырған.

Ал ломбард қызметкерлері алтындардың жасанды екенін байқамай қалған. Осылайша, жеңіл келген ақшаны бас пайдасына жаратқан.

Қазір күдікке ілінген әйелге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.