Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«33 ел вейпке тыйым салған»: Қазақстан ондай тәжірибені қолдана ма

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнәр Сәрсенбаева қоғамды дендеп бара жатқан электронды темекі мәселесі бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

«33 ел вейпке тыйым салған»: Қазақстан ондай тәжірибені қолдана ма
© JUAN NAPURÍ / EYEEM / GETTY

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 33 ел өз кезінде вейптерді сатуға тыйым салған. Оның ішінде Дания, Уругвай, Аргентина және Норвегия бар. Ал 79 ел бұл өнімдерді қоғамдық орындарда тұтынуды, оларды жарнамалау мен демеушілік танытуға және насихаттауға тыйым салған. Осы орайда өткен шақырылымның депутаттары электронды темекені айналымнан алып тастауды ұсынды. Денсаулық сақтау министрлігі бұл бастаманы қолдап, соған сәйкес жұмыстарды атқарды. Бұл жұмыстар 2021 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді», - деді ол.

Сәрсенбаева атағандай, бұл жұмыстар әлі де жалғасып жатыр.

«Бүгінде Денсаулық сақтау министрлігі норма енгізу бойынша сараптама әзірледі. Мәселе қоғам, халық болып талқыланып жатыр. ДСМ-ның ең басты мүддесі – өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығын аман сақтап қалу», - деді Гүлнар Сәрсенбаева.