Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Ақтөбе облысында мәслихат депутаты шын мәнінде жоқ малға заңсыз субсидия алған

Ақтөбе облысында аудандық мәслихат депутаты шын мәнінде жоқ болған малға заңсыз субсидия алған, деп хабарлайды Paryz.kz Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында мәслихат депутаты шын мәнінде жоқ малға заңсыз субсидия алған
Коллаж: Azattyq Ruhy

«Ірі көлемде жасалған алаяқтық фактісі бойынша аудандық мәслихат депутатына қатысты ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Шаруа қожалығы атынан шын мәнінде жоқ болған малға субсидия алуға өтініш берген. Сондай-ақ, бұл азамат «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 600 бас ірі қара мал сатып алуға берген несие қаражатын заңсыз алған», - делінген хабарламада.

Осылайша, жалпы шығын көлемі 457 миллион теңгені құрайды. Қазіргі уақытта бұл азамат ұсталып, оған қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

 ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.