Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Тұрғын үй салымдары бойынша сыйақы қалай төленеді

ИИДМ тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар бойынша мемлекет сыйлықақыларын есептеу және төлеу қағидаларын әзірледі, деп хабарлайды Paryz.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Тұрғын үй салымдары бойынша сыйақы қалай төленеді

Қазақстан Республикасы азаматтарының, оның iшiнде кәмелеттiк жасқа жетпеген, он сегiз жасқа толмаған азаматтарының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдары бойынша мемлекет сыйлықақысын есептеу және төлеу тұрғын үй құрылысы жинақ банктерінде жүзеге асырылады.

Салымшының өтiнiшi бойынша мемлекет сыйлықақысы бiр тұрғын үй құрылысы жинақ банкiндегi бiр шотқа ғана есептеледi.

Жинақтау мерзімі өткен кезде және тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасын салымшы жинақ ақшаның ең төменгі қажетті мөлшерін жинақтамаған жағдайда, ол тұрғын үй құрылысы жинақ банкі оған сыйақы есептеген салымды, сондай-ақ үш жылдан артық жинаған кезде мемлекет сыйлықақысын алуы не мемлекет сыйлықақысы есептелген тұрғын үй құрылысы жинақ банкінде жинақтауды жалғастырады.

Мемлекеттің сыйлықақысы тұрғын үй қарызын алған кезге дейін есепке жазылады.

Жыл сайынғы мемлекет сыйлықақысының мөлшерi көтермеленетiн салым сомасының жиырма пайызын құрайды. Мемлекет сыйлықақысымен көтермеленетiн салым тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салынған салым сомасын және ол бойынша есептелген сыйақыны қамтиды.

Жыл сайынғы мемлекет сыйлықақысының мөлшерi көтермеленетiн салым сомасының жиырма пайызын құрайды. Мемлекет сыйлықақысымен көтермеленетiн салым тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салынған салым сомасын және ол бойынша есептелген сыйақыны қамтиды.

Мемлекет сыйлықақысымен көтермеленетiн жинақталған ақша сомасы бір күнтізбелік жыл үшін 200 есе АЕК-тен асуы мүмкін емес.

Егер мемлекет сыйлықақысын көтермеленетiн жинақталған ақша сомасы мөлшерi тиiстi жылға арналған Республикалық бюджет туралы заңмен белгiленетiн екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен асып кетсе, онда көтермеленбей қалған жинақталған ақша сомасын келесi жылы сыйлықақы есептеу кезiнде тұрғын үй құрылысы жинақ банкi ескередi.

Ағымдағы жылы мемлекет сыйлықақысы өткен жылдарға көтермеленген жинақталған ақшаның сомасына есептелмейдi.

Мемлекет сыйлықақысын төлеу:

1) шарттық соманы төлеген кезде;

2) салымшы салымды тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты жасасқан күннен бастап, бұзған күн арасында үш жылдан астам жинақтаған болса, тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты мерзiмiнен бұрын бұзған кезде жүзеге асырылады.

Салымшы тұрғын үй қарызының бір бөлігін мақсатсыз пайдаланған кезде мемлекеттің сыйлықақысы тұрғын үй қарызының мақсатсыз пайдаланылған бөлігіне тепе-тең бөлікте бюджетке қайтарылуға жатады.

Бұдан бұрын оған жинақтау мерзімі үш жылға жетпейтін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт қосылған жинақтау мерзімі тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты бұзу күніне үш жылдан асқан тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт мерзiмiнен бұрын бұзылған кезде оған қосылған жинақтау мерзімі үш жылға жетпейтін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша біріктірілгенге дейін есептелген мемлекет сыйлықақысы төленбейді және бюджетке қайтарылуға жатады.

Егер қосылған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты бұзу күніне үш жылдан аса уақыт өтсе, онда біріктірілгенге дейін есептелген мемлекет сыйлықақысы бюджетке қайтарылуға жатпайды.

Тұрғын үй құрылысы жинақ банкi жыл сайын есептi жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң қаражатын жұмсаудың бюджеттiк өтiнiмiн енгiзу үшiн тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақы төлеу жөнінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне мемлекет сыйлықақысын есептеудiң болжамды есептерiн ұсынады.

Тұрғын үй құрылысы жинақ банкi қаржы жылының қорытындысы бойынша келесi жылдың 15 қаңтарына дейiн әрбір салымшыға есептейді де бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне салымдар бойынша тиесiлi мемлекет сыйлықақысы есептелген сомасының түпкiлiктi есебiн ұсынады.

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі тұрғын үй құрылысы жинақ банкiнен мемлекет сыйлықақысы сомасының түпкiлiктi есебiн алғаннан кейiн есептiден кейiнгi жылдың 10 ақпанына дейiн тұрғын үй құрылысы жинақ банкiнiң корреспонденттiк шотына мемлекет сыйлықақысының жалпы сомасын аударады.