Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

1,4 млрд теңге залал келтірген: Астанада ХҚКО қызметкерлеріне қатысты тергеу аяқталды

Антикор Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтар туралы тергеуді аяқтады, деп хабарлады Paryz.kz.

1,4 млрд теңге залал келтірген: Астанада ХҚКО қызметкерлеріне қатысты тергеу аяқталды
Фото: Azattyq Ruhy

Антикоррупциялық қызмет Астана қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мамандандырылған бөлімінің қызметкерлері мен азаматтық тұлғалар қатарынан ұйымдастырылған топқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Қылмыстық іс «Web-Модуль» және «ИИС ЦОН» ақпараттық жүйелерінде көлік құралдары туралы мәліметтерді заңсыз енгізу және жою, мәмілелердің жазбаша нысандарын қолдан жасау фактілері бойынша тергелді.

«Қылмыстық топ 2022 жылдың қаңтар-мамыр аралығында заңнамада қарастырылған алымдар мен төлемдерді төлеместен шетелден әкелінген 475 автокөлікті заңсыз тіркеді. Осыған байланысты мемлекетке 1,4 млрд теңге көлемінде аса ірі көлемде залал келтірілді», - делінген ведомство хабарламасында.

Барлығы 30 адам қылмыс жасады деп күдіктеліп отыр. Олардың қатарында Астана қаласы бойынша № 2 Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы, 4 полиция қызметкері мен автокөліктерді заңсыз рәсімдеу бойынша өз қызметтерін ұсынған делдалдар бар.

«Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдарымен танысу жүріп жатыр. Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі. Антикоррупциялық қызмет азаматтарды көліктерді тіркеу кезінде делдалдардың қызметіне жүгінбеуге шақырады», - делінген хабарламада.fcnfyf