Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

«7-20-25» бағдарламасының бюджеті өзгермейді – Скляр

«7-20-25» бағдарламасының лимиті алынбайды. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған, деп хабарлайды Paryz.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«7-20-25» бағдарламасының бюджеті өзгермейді – Скляр
Фото: inform. kz

«7-20-25» бағдарламасын Ұлттық банк 2018 жылы бюджеті 1 трлн теңге деңгейінде іске қосты. Бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңінде 2023 жылға қарай жалпы сомасы 873,6 млрд теңгеге 65 554 отбасы несие алды. Даму қарқынын ескере отырып, бағдарлама 2023 жылы аяқталуы керек еді. Алайда, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2022 жылғы 19 желтоқсанда Ұлттық банк басқармасының шешімімен бағдарламаны іске асыру мерзімі 2029 жылға дейін ұзартылды. Бұл ретте, 2023 жылдан бастап бағдарламаны қаржыландыру тәртібі өзгертілді. 1 трлн теңге сомасында жалпы бюджеттің орнына жылына 100 млрд теңгеден аспайтын бюджет белгіленеді», - деп атап өтеді Роман Скляр жауабында.

Оның атап өтуінше, бағдарлама лимитін енгізу туралы шешім инфляция мен тұрғын үй құнының ықтимал өсуін шектеу, бағдарламаға қызмет көрсетуге байланысты Ұлттық банктің шығындарын қысқарту үшін қабылданған.

«Осыған байланысты Ұлттық банк жыл сайынғы лимитті алып тастау және ұлғайту, сондай-ақ оны тоқсан сайын бөлуді алып тастау туралы ұсынысты қолдамайды», - деді бірінші вице-премьер.