Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Казино ойнаған": ІІМ академиясындағы курсант өлімі туралы жаңа дерек шықты

"Студенттер арасында әлеуметтік-психологиялық зерттеу жүргізу барысында өзіне қол жұмсаған курсанттың әртүрлі сылтаулармен туыстарынан үнемі ақша сұрайтындығы анықталды. Ол сондай-ақ өзге курсанттардан қарызға ақша алып, оның көпшілігін қайтармаған..." 

"Казино ойнаған": ІІМ академиясындағы курсант өлімі туралы жаңа дерек шықты
фото: дереккөз

Бүгін Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясындағы кешенді тексерудің алдын ала нәтижелері туралы айтылды, деп хабарлады paryz.kz, ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл оқу орнында курсанттың қаза табуына байланысты кешенді тексеру жүргізілуде. Министрге тексерудің алдын ала нәтижелері туралы арнайы топтың басшысы – ІІМ Кадр саясаты департаментінің бастығы Айдар Сайтбеков баяндады.

Ол оқу орнының тек қана тұрмыстық жағдайы, материалдық-техникалық жабдықталуы ғана емес, оқытушылар мен курсанттар арасындағы моральдық-психологиялық ахуал да зерттеліп жатқанын айтып өтті.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта жүйелі түрде заңсыз ақша жинау фактілері расталмаған. Дегенмен, курсанттардың туыстарының оқу орнындағы ықтимал қысым көрсетушілік туралы хабарламалары да мұқият зерттелуде.

"Студенттер арасында әлеуметтік-психологиялық зерттеу жүргізу барысында өзіне қол жұмсаған курсанттың әртүрлі сылтаулармен туыстарынан үнемі ақша сұрайтындығы анықталды. Сондай-ақ, ол өзге курсанттардан қарызға ақша алып, оның көпшілігін қайтармаған. Курсанттардың айтуы бойынша, соңғы кезде қаза тапқан курсант интернет-казино мен букмекерлік кеңселерге салымдар салумен айналысқан. Курсант Саламат Өтегенов туысқандары мен таныстарынан түрлі сомаларды осы мақсатқа алып отырды деген болжам бар. Сонымен қатар, қылмыстық істі тергеу аясында болған оқиғаның барлық нұсқалары тексерілуде", - деп баяндады Ішкі істер министріне Айдар Сайтбеков.

Оқу орнын аралау барысында Ерлан Тұрғымбаев оқу үдерісін ұйымдастыру мәселелерімен, сондай-ақ курсанттардың казармада тұру жағдайымен танысты. Сондай-ақ, министр Академияның оқытушыларымен, курсанттарымен және курсанттардың ата-аналарымен кездесті. 

ІІМ басшысы жақын арада жаңа басшылық тағайындалатынын, оның басты міндеті – курсанттардың тәртіп деңгейі мен кәсіби даярлығын арттыру екенін атап өтті.

"ЖОО әкімшіліктері курсанттардың оқу орнында болған кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Тәртіпті бұзуға жол бермей және олармен үнемі тәрбие жұмысын жүргізуі тиіс. Бүгінгі таңда ішкі істер органдары жоғары білімді және кәсіби кадрларды қажет етеді. Қазақстан полициясының болашағы оқу орындарының қабырғасында алатын білім мен моральдық-психологиялық дайындыққа байланысты екенін есте сақтау қажет", - деп атап өтті кездесу барысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Ведомство басшысы бұл қайғылы оқиға тәрбие жұмысындағы проблемаларды көрсеткенін айтты.

"Біз болашақ полицейлерді дайындау бағдарламасына өзгерістер енгізуіміз керек. Үнемі психологиялық мониторинг жүргізу қажет", - деп атап өтті министр.

Тағы оқи отырыңыз: "Мен кеттім...": ІІМ академиясында оқып жүрген курсант суицид жасады

Ерлан Тұрғымбаев тергеу барысын жеке бақылауына алып, нәтижесі туралы тұрақты баяндауды тапсырды.