Сот К., А., К., В., Т. атты азаматтардың 2022 жылғы 4-5 қаңтар аралығында атыс қаруымен жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, президенттің күзетілетін резиденциясына және Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратына шабуыл жасағанын анықтады. Артынша мемлекеттік мекемелер басып алынып, қиратылды, президент резиденциясының маңындағы тәртіпсіздіктер кезінде сотталушылар оқтан жарақат алып, сол жерде қайтыс болған. Алайда сол оқиғаның бейнежазбаларына, сот-медициналық сараптамалар мен ұялы телефондардың орналасқан жері туралы мәліметтер арқылы әкімдік пен президент резиденциясына шабуыл жасалғаны дәлелденді.
Қайтыс болған сотталушылардың өліміне байланысты қылмыстық істің тоқтатылуына олардың заңды өкілдері қарсы болып, сотпен қаралды. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 11-тармағы, 1-бөлігіне сай бап негізінде аталған азаматтардың өздері кінәлі деп танылып, оларға оқ жаудырған құқық қорғау қызметкерлері қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, - делінген сот хабарламасында.