Тоқаев Мәскеуде өткен әскери парадқа қатысты

Президент Жеңістің 78 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа барды. 

Тоқаев Мәскеуде өткен әскери парадқа қатысты
Фото: akorda.kz

Сондай-ақ Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты. 

Парадта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Ресей Президенті Владимир Путинмен қатар Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Армения премьер-министрі Никол Пашинян болды.