Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкілармиялық кеңес отырысында сөйлеген сөзінде әскери атақ үшін төленетін айлық ақы өсетінін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.
«Биыл әскери ұшқыштардың жалақысы орташа алғанда 60 пайызға өседі. Осы саладағы оқытушылар мен дәрігерлердің жалақысы да көбейеді. Келер жылы әскери атақ үшін төленетін айлық ақы 30 пайызға артады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ол әскери қызметшілерді зейнетақымен қамту мәселесі де қайта қаралып жатқанын айтты.
«Сержанттарды, офицерлерді әлеуметтік қолдау жұмысы жалғасады. Олар тұрмысына алаңдамай, ел қорғауға сақадай сай болуы керек», - деді Президент.