Ұлттық банк өзін инвестициялық қызметпен айналысатын компания ретінде таныстыратын алаяқ топтардың көбейгенін айтып ескерту жасады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Ұлттық банктің хабарлауынша, мұндай топтар биржа саудасында тез ақша табудың қарапайым тәсілдерін сипаттайтын жарнамалық роликтерге толы сайттар мен мобильді қосымшаларды жасайды.
Алайда олар сипаттайтын қаржылық дамуға қатысты бағдарлама шын мәнінде жоқ, - делінген хабарламада.
Ұлттық Банк мұндай ресурстарда алаяқтық әрекеттердің айқын белгілері бар екенін хабарлады. Оның ішіне мынандай белгілері бар:
Кеңес алу үшін 1477 қысқа нөмірі бойынша Ұлттық банктің байланыс орталығына хабарласуға болады.