Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қазақстандық шаңғышылардың жарысын әлемдік БАҚ күлкі қылды (ВИДЕО)

Олар Қазақстандағы бұл жарыстан Бруксвалларн-2019 жарысындағы швед қыздардың жаппай құлауы ғана асып түсетінін атап өткен.

Қазақстандық шаңғышылардың жарысын әлемдік БАҚ күлкі қылды (ВИДЕО)
фото: дереккөз

Eurosport сайты шаңғыдан Қазақстан Кубогі кезеңіндегі спринтерлік жарысты "сандырақ" деп сипаттаған, деп хабарлады paryz.kz.

Щучинскіде өткен жарыста қатысушылардың құлағандары БАҚ тілшілеріне күлкілі көрінген екен. 

"Ерлер финалдың сөресіне шығып, адам сенгісіз жағдайлар басталды. Шаңғышылардың бірі орман ішімен өтетін тұста құлады, сосын тағы бірі жоғары қарай жылдамдық арттыратын кезде қарсыластың шаңғысына ілігіп қалды. Мәреге жетер тұста да бірдеңе болған сияқты", - делінген.

Спринтте Әлем Кубогіне, әлем чемпионаттары мен Олимпиадаға қатысқан Евгений Величко жеңімпаз атанды.

БАҚ Қазақстандағы бұл жарыстан Бруксвалларн-2019 жарысындағы швед қыздардың жаппай құлауы ғана асып түсетінін атап өткен.