05.05.2023, 09:00

Қызылорда облысында 17 жастағы жасөспірім тізгіндеген көлік апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты

Фото: видеодан скриншот

Қызылорда облысы Шиелі кентінде 17 жастағы жасөспірім «Тойота» маркалы автокөлігінің басқару жүйесіне ие бола алмай апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан 1 жолаушы көз жұмып, 3 адам жарақат алды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

Оқиға 4 мамырда сағат 02.45 шамасында болған. Қызылорда облысының Шиелі кентінде тұратын 17 жастағы жасөспірім «Тойота» маркалы автокөлігінің басқару жүйесіне ие бола алмай жол-көлік оқиғасын жасаған.

«Жол апаты салдарынан 1 жолаушы қөз жұмып, қалған үшеуі (жүргізушімен қоса) жарақат алды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Онда автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, оның соңы абайсызда адам өліміне әкеп соққаны көрсетілген. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды», - делінген хабарламада.