Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Алматы облысында үйінде екі арыстан ұстаған тұрғын анықталды

Алматы облысында сирек кездесетін жануарларды заңсыз ұстаған азамат ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматы облысында үйінде екі арыстан ұстаған тұрғын анықталды
Фото: видеодан скриншот

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 4 мамыр жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері сирек кездесетін жануарларды, атап айтқанда 5 айлық екі арыстанды заңсыз ұстаған 2001 жылғы А. есімді азаматты әшкереледі.

«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Қарасай ауданының полициясында тіркелді. Полиция қызметкерлері тексеруден кейін экзотикалық жануарларды тәркіледі», - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша қылмыстық істі тергеудің толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.