Алматының тегін секциялары мен үйірмелеріне кезекке қою 3 мамырда қайта іске қосылады

«Интернет-компания PS» ЖШС хостинг компаниясының хабарлауынша, 2 мамыр күні сағат 17.50-де DamuBala ақпараттық жүйесінің серверлерінің бір бөлігі орналасқан деректерді өңдеу Орталығында электрмен жабдықтау апатты жағдайда өшірілген. Апаттың салдарынан бұл бағдарламаға қолжеткізу мүмкін болмады.

Алматының тегін секциялары мен үйірмелеріне кезекке қою 3 мамырда қайта іске қосылады
Фото: @damubala_official

Қазір компания иесі серверлік учаскедегі апатты жойып, жүйенің жұмысын қалпына келтірді. Кезекке қою 3 мамырда сағат 18.00-де НҚА сәйкес қайта іске қосылады.

Бұдан басқа, апат серверлердің бір бөлігін ғана өшіргенін ескере отырып, DDoS шабуылының нұсқасы алынып тасталмайды, осы нұсқа бойынша тергеу жүргізіледі. Аталған сервердің істен шығуы және серверлік архитектураның тұтастығының бұзылуы жүктемені біркелкі бөлуге мүмкіндік бермеді, ол 2 мамырда сағат 18.00-де кезектің ашылуымен максималды мәндерге жетті. Жүктеменің күрт өсуі кезекке қойылымның ашылуымен бір уақытта ұйымдастырылған DDoS шабуылына байланысты болуы мүмкін. Ықтимал шабуыл фактісі бойынша тергеуді құқық қорғау органдары стандартты хаттамаға сәйкес жүргізеді.

Анықтама: ақпараттық қауіпсіздікті сынау барысында жүйенің тұрақтылығына қатысты проблемалар туындаған жоқ, тек апат кезінде  жүктемелерді бірнеше есе артып кеткен. Бұл факт Қазақстан Республикасы цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараттық қауіпсіздік Комитеті берген 03.02.2023 жылғы №kz36vqq00072827 сынақ актісімен, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабының 11-1) тармақшасы негізінде 26.01.2023 жылғы өтініммен расталды.