03.05.2023, 09:29

Алматыға жақын маңда жер сілкінісі тіркелді

Фото: ашық дереккөз

Қазақстан сейсмологтары магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Paryz.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС хабарлауынша, жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 495 км жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісіні Алматы уақытымен сағат 07.32-де болған.

Энергетикалық санаты – 9,9. MPV магнитудасы – 4,5. Тереңдігі – 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәлімет жоқ.