Алматыға жақын маңда жер сілкінісі тіркелді

Қазақстан сейсмологтары магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыға жақын маңда жер сілкінісі тіркелді
Фото: ашық дереккөз

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС хабарлауынша, жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 495 км жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісіні Алматы уақытымен сағат 07.32-де болған.

  • Энергетикалық санаты – 9,9.
  • MPV магнитудасы – 4,5.
  • Тереңдігі – 10 шақырым.
  • МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәлімет жоқ.