Халықты несие алмауға үйрету керек – депутат (ВИДЕО)

Қазақстандықтарды несие алмауға үйрету керек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Руслан Берденов айтты, деп хабарлады Paryz.kz Halyq Unі-не сілтеме жасап.

Біріншіден, халық жайдан-жай (банкке) барып, несие алмайды. Олар жағдайы болмағасын (банкке) барады. Екіншіден, менің таныстарым бар. Мысалы, жаңадан телефон шығады. Олар телефонды тұтынушылық несиеге алады. Оның пайызын санайтын болсаң, жылына 70-80%. Әрине, ол – ақымақтық, - деді депутат.

Оның пікірінше, мәселеге жан-жақты қараған жөн.

Менің ойымша, қолдан келгенше, мектептен бастап, несиеге жақындатпауды үйретуіміз керек. Содан кейін (несиенің келісімшартына) 10-12% деп жазылып қояды. Оны анықтап қарасаң, несиенің мөлшері – 12%, алайда несиені алғаны үшін деп тағы (пайыз) қосылады. Осылайша, ол 30% болады. Бұл мәселені шешу керек, - деді Руслан Берденов.

Сондай-ақ депутат несиені оңды-солды беріп жатқан банктерге бақылауды күшейту керек деген ұстанымда.

«Үшіншіден, көптеген банк тексермей, несиені онлайн беріп жатыр. Сіз оны қайтара аласыз ба, жоқ па, оған да қарамайды. Қаншама студент микронесиелік ұйымдарға ұрынып жатыр. Бұған да шектеу қою керек сияқты», - деді ол.