Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Серік Күдебаевқа сот үкімі шықты

Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев 10 жылға сотталды. Ол жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейтін болады, деп хабарлайды Paryz.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Серік Күдебаевқа сот үкімі шықты
фото: inform.kz

Үкімді Талдықорған қалалық сотының төрағасы Абдилла Умбетай шығарды.

Айта кетейік, Серік Күдебаевқа билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану және азаптау баптары бойынша айып тағылды.

Бірақ сотталушы тағылған айыппен келіспей, кінәсіз екенін жеткізді.

«Мен кінәлі емеспін. Тағылған айыппен келіспеймін. Халқыма оқ атпадым. Сот алдындағы процестерде жасаған әрекеттерімнің барлығы заңды екенін айтқанмын. Ешқандай азаптау болған жоқ. Жәбірленушілердің өздері оны жоққа шығарды»,- деді Серік Күдебаев соттағы соңғы сөзінде.