Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Сот желтоқсаншыларды террориске теңеген Ловягинаны ақтап шығарды

Бұл туралы әлеуметтік желіде "Желтоқсан-86" бірлестігі төрағасының орынбасары Әлібек Алмабаев айтты. Әлібек Алмабаев бастаған бір топ белсенді Ловягинаның үстінен арыз түсірген болатын, деп хабарлайды Paryz.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Сот желтоқсаншыларды террориске теңеген Ловягинаны ақтап шығарды
Фото: видеодан скриншот

«Сандықтау аудандық сотының биылғы 22 ақпанда шыққан Ловягинаға қатысты үкімі өзгеріссіз қалды. Әділдікке нұқсан келіп, біздің шарасыздығымыз анықталды. Айғақтар іске тіркелмеді. Еш себепсіз сот оларды тіркеуден бас тартты. Ақыры жалаң дәйектемелерді басшылыққа алып, сот Ловягинаны ақтау жөнінде шешім шығарды. Апелляция шешімі өзгеріссіз қалды», - деді Әлібек Алмабаев әлеуметтік желіде.

Алайда белсенділер мұнымен істі жабумен келіспейді.

«Желтоқсан қаһармандары! Осы мәселе жөнінде пікір күтемін. Күресті жалғастыру керек», - дейді ол.

Еске сала кетейік, «Аманат» партиясының Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы филиалының төрайымы болған Лариса Ловягина «1986 жылы 16 желтоқсанда Алматыдағы көтеріліс кезінде көшеге шыққандардың барлығы террорист болған» деп сөйлеген. Шенеуніктің бұл сөзін әлемжеліге алғаш Жеңіс Оспанов атты азамат таратты. Оның бұл сөзін бірнеге куәгер растап отыр. Алайда сотта ол өзіне тағылған айыппен толық келіспеді.

Арада бір күннен кейін Ловягинаның кінәсін мойындап, кешірім сұраған видеосы тарады.

«Кешірім сұраймын. Эмоция қосып сөйлегеніме өкінемін. Мен Қазақстанда туып-өстім. Осы жерде менің балаларым өсіп жетілді. Қазақстанды, Отанымды сүйемін. Осы елде өмір сүремін», - деп ақталады