Полиция "АрселорМиттал Теміртау" заңгері Ирина Эмнің өлтірілуі оның кәсіби қызметімен байланысты емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Кісі өлтірудің себебі қызғаныш болуы мүмкін.
Қазір Ирина емнің көршілері – ерлі-зайыптылар қылмыс жасады деген күдікпен тергеліп жатыр.
Болжам бойынша, 52 жастағы ер адам марқұмнан қарызға ақша алуға келген, бірақ бұл оның әйеліне ұнамай қалса керек.
Тергеу мәліметтері бойынша, әйел Ирина Эмді бірнеше рет пышақтаған. Қылмысты жасыру үшін ерлі-зайыптылар пәтерге өрт қойған.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 23 сәуір күні Шахтинск қаласында пәтердегі өртті сөндіру кезінде денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар 53 жастағы пәтер иесінің мәйіті табылған болатын.