«АрселорМитталТеміртау» АҚ заңгерінің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

Қарағанды облысының полицейлері "АрселорМитталТеміртау" АҚ заңгерінің өліміне қатысты күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Paryz.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«АрселорМитталТеміртау» АҚ заңгерінің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды
Фото: polisia.kz

Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде 53 жастағы Шахтинск қаласы тұрғынының өліміне қатысы бар деген күдікпен аталған қаланың тұрғындары, 52 жастағы ер адамм мен 44 жастағы әйел анықталып ұсталды.

Қылмыстық оқиға жәбірленушінің кәсіби қызметімен байланысты емес. Айғақ заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды. Бұл турады Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин хабарлады.

Бұл дерекке байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабына "Адам өлтіру" сәйкес қылмыстық іс қозғалған.