Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Қызылорда тұрғыны принтерде басып шығарылған ақшамен төлем жасаған (ВИДЕО)

Қызылорданың 28 жастағы тұрғыны жалған 20 000 теңгелік банкноттарды сақтап, сатты деген күдікке ілінді. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің ресми Telegram-арнасында хабарланды.

Қызылорда тұрғыны принтерде басып шығарылған ақшамен төлем жасаған (ВИДЕО)
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қаржы мониторингі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің хабарлауынша, жалған банкноттарды сақтау және бірнеше рет өткізу бойынша қылмыстық іс тергеліп, іс материалы сотқа жолданған.

"Қызылорда қаласының 28 жастағы тұрғыны номиналы 20000 теңгелік бірнеше банкноттарды сақтағаны және оларды жанар-жағар май құю бекеті мен автобөлшектер сататын дүкенге өткізгені үшін айыпталды. Ол заттар сатып алып, құны 20000 теңгелік банкнотты өткізе отырып, қайтарымына Қазақстан Ұлттық банкінің түпнұсқа банкноттарын алып отырған. Азамат өз кінәсін толық мойындады", – делінген хабарламада.

Криминалист мамандардың зерттеуі барысында өткізілген банкноттардың Ұлттық банктің ақша белгісіне сәйкес келмейтінін және ақшалардың принтерде басып шығарылғандығы анықталған. Мамандар Қылмыстық кодексте аталған қылмыс үшін бес жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы түрінде жауаптылық көзделгенін ескертті.