Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қандай мекемесінде өтейтіні белгілі болды, деп хабарлайды Paryz.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.
Бұған дейін Мәсімовтің 18 жылға бас бостандығынан айырылғаны хабарланды.
Мәсімов жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары колонияда (қатаң режим) өтейді, - делінген ресми жауапта.
Ел бойынша қауіпсіздігі барынша жоғары 20 колония бар. Оның үшеуі Ақмола облысында, екеуі Алматы және Жетісу облысында, біреуі Батыс Қазақстан облысында орналасқан. Сондай-ақ Қарағанды облысында – 3, Қостанай облысында – 1, Маңғыстау облысында – 1, Шымкент пен Түркістан облысында – 3, Павлодар облысында – 1, СҚО – 1, Шығыс Қазақстан облысында 4 колония бар.