Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Алматыда қыздың басы салынған пакетті базарға тастап кеткен күдікті ұсталды

Алматыда Шолохов көшесіндегі саябақта денесі табылған әйелдің өліміне күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Paryz.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда қыздың басы салынған пакетті базарға тастап кеткен күдікті ұсталды
Фото: orda.kz

Сот санкциясы бойынша, 1962 жылы туған И. есімді ер адам тұтқындалған.

"Күдікті жәбірленушімен бірнеше күннен бері таныс болғаны, қылмыс жанжал кезінде жасалғаны белгілі болды", - делінген ведомство хабарламасында.

Қазір Алматы қаласы Полиция департаменті Тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша сараптамалар тағайындады.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жарияланбайтыны хабарланды.