Қазақстанда әскери шеру бола ма? Қорғаныс министрлігі жауап берді

Қазақстанда Жеңіс күніне орай әскери шеру өткізу жоспарланған жоқ. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанда әскери шеру бола ма? Қорғаныс министрлігі жауап берді
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

"Қазақстанда 2023 жылы әскери шеру өткізу бюджет қаражатын үнемдеу, сондай-ақ басқа да мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты жоспарланған жоқ", - делінген хабарламада.

Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының талап етілетін деңгейін ұстап тұру басым бағыт саналатыны айтылды.

Сонымен қатар, қорғаныс ведомствосы жоспарланған әскери-патриоттық іс-шаралар өтетіні туралы мәлімделді.

Еске салайық, кейінгі үш жылдан бері Қазақстанда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай әскери шеру өткізілмеді.