Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

«КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ» ШЕҢБЕРІНДЕ 15 МЫҢНАН АСТАМ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛМАҚ

Жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеуші ретінде жүгінген 27287 адамның Ұлттық жобаға қатысушы ретінде 19952 адам тіркелді (оның ішінде 74,8%/14930 - жұмыссыздар, 6,7%/1331 - жұмыс іздеушілер, 18,4%/3666– өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, 0,1%/25 – өзге санаттағылар).

«КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ» ШЕҢБЕРІНДЕ 15 МЫҢНАН АСТАМ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛМАҚ

Нәтижесінде 2081 адам бос жұмыс орындарына тұрса, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 3349 адам жолданды (жоспар бойынша 2500, немесе 134,0%), олардың 3349-і оқу курсын аяқтап сертификатын алды. Қазіргі таңда 5 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды, 16 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жолданды.Сондай-ақ, 39 тұрғын грант алды, ал 778 азамат қазіргі таңда өз кәсібін ашты.

Бүгінгі күнге 2893 адам немесе жоспарланған 3234 адамның 89,4% «Электронды еңбек биржасы» порталы арқылы онлайн-оқудан өтті. Оқу курстары skills.enbek.kz платформасында жарияланды.

Мұнан бөлек, субсидияланатын жұмыс орындарына 10506 адам жұмысқа орналастырылды, яғни:

- әлеуметтік жұмыс орындарына – 404 адам жолданды, оның 9 аяқтап, 4 тұрақты жұмысқа орналастырылды (жоспар 640 адам немесе 63,1%, бөлінген қаржы: 529,9 млн.теңге);

- жастар тәжірибесіне – 570 адам жолданды, оның 9 аяқтап, 5 тұрақты жұмысқа орналастырылды (жоспар 4089 адам немесе 13,9%, бөлінген қаржы: 5078,5 млн.теңге);

- ақылы қоғамдық жұмыстарға – 8724 адам жолданды, оның 193 аяқтап, 93 (48,2%) тұрақты жұмысқа орналастырылды;

- «Алғашқы жұмыс орыны» жобасына – 91 адам жолданып, 4 (адам қазіргі таңда оқуын аяқтады және 3 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды.

- «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына – 5 адам жолданды (жоспар 31 адам немесе 16,1%, бөлінген қаржы: 19,2 млн.теңге);

- «Күміс жас» жобасына – 712 адам жолданды (жоспар 514 адам немесе 138,5%, бөлінген қаржы: 446,6 млн.теңге).

- «Жастардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер ұсыну» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жеңілдетілген 2,5 пайызбен несие бойынша «Бизнес жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның» хаттамалық шешімімен құны 33,5 млн.теңгені құрайтын 7 өтінім мақұлданды (Қызылорда қаласынан – 4, Арал, Сырдария, Шиелі аудандарынан 1 өтінімнен. Түскен 7 өтінімнің 3-уі жылқы шаруашылығына, 1 жоба құрылыс материалдары өндірісі (кәріз құдығы), қалған 3 –уі қызмет көрсету саласын дамытуға бағытталған (арнайы техника алу, жүк автокөлігі, косметикалық қызмет). 

- 350 адам жаңа бизнес-идеяны іске асыруға арналған қайтарымсыз мемлекеттік грант алды (жоспар 1526 адам немесе 22,9%, бөлінген қаржы: 2105,9 млн.тенге (оның ішінде 17-і асыраушысынан айырылуына байланысты әлеуметтік жәрдемақы алушылар, 54-і мүгедектігі бар азаматтар, 215-і көп балалы отбасылар, 35-і мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған тұлғалар, 2-уі қандастар, 27-і атаулы әлеуметтік көмек алушылар).