«Өліп қалуы мүмкін»: Кәрім Мәсімовтің жағдайы белгілі болды

Қазіргі уақытта мемлекеттік төңкеріс жасады деп айыпталған ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов қамауда отыр. "Құпия" деген таңба соғылған іс жабық тәртіпте қаралып жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

«Өліп қалуы мүмкін»: Кәрім Мәсімовтің жағдайы белгілі болды
© Sputnik / Владислав Воднев

Бірер күн бұрын Кәрім Мәсімовтің ресми сайтында айыпталушының сотқа жете алмауы мүмкін деген ақпаратқа жарияланды.

"4 сәуірде Джонс Хопкинс университетіндегі Кәрім Мәсімовтың дәрігері, доктор Эрнест Браун Мәсімовтың ерте өлімінің қаупі жоғары деген ұйғарым жасады. 2023 жылдың қаңтарында медициналық көмектің болмауына байланысты шұғыл операциядан зардап шеккен, прогрессивті екі жақты көз катарактасы мен ауыр созылмалы коронарлық артерия ауруы бар "Кәрімді одан әрі қамауда ұстау оның инфаркттан немесе инсульттан ерте өліміне әкеліп соғады", – делінген сайттағы жарияланымда.

Дәрігер сонымен қатар, егер шұғыл көмек көрсетілмесе, Мәсімовтің денсаулығы нашарлай түсетінін айтқан.

Еске салайық, өткен жылдың 6 қаңтарында Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталған болатын.