Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Ескі Қазақстанда алкоголь нарығы Болат Назарбаевтың қарауында болды» - Ержан Бейсенбаев

Мәжіліс депутаты Ержан Бейсенбаев ескі Қазақстандағы алкоголь нарығы Болат Назарбаевтың қарауында болғанын, сондықтан бұл өнім түріне таңбалау талабы қойылмағанын айтып, Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғаринге депутаттық сауал жолдады.

«Ескі Қазақстанда алкоголь нарығы Болат Назарбаевтың қарауында болды» - Ержан Бейсенбаев
фото: Ақжол партиясынан

"Қазақстанда аяқ киімге және басқа да көптеген тауарларға таңбалау енгізілді. Бұл ретте үкімет көлеңкелі нарықтағы ең көп үлеске ие алкогольді таңбаламады. Себебі, ескі Қазақстандағы алкоголь нарығы Болат Назарбаевтың қарауында болғанын білесіздер. Бәлкім, қарапайым кәсіпкерлер қосымша ақы төлеп отырды, сондықтан оларға тиіспеді?", - деді Бейсенбаев премьер-Министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринге жолдаған сауалында.

Депутат цифрлық таңбалау көлеңкелі нарықты қысқартуға әсер етпейтінін және тауардың сапасын анықтайтын құрал емес екенін айтты. Оның үстіне оны енгізу тауар құнының орта есеппен 20 пайызға өсуіне әкелген.

"Кәсіпкерлер таңбалаудың нақты құны тауар бірлігіне 550-ден 3500 теңгеге дейін екенін айтады. Яғни, қымбат емес аяқ киім 20-30 пайызға қымбаттап, табысы аз тұтынушылардың жағдайын нашарлатады", - деді депутат Ежан Бейсенбаев. 

Ол тауарларды міндетті түрде таңбалауды тоқтатуды талап етті.