Түркістан облысының полицейлері суару каналынан мәйіті табылған қыз туралы тағы да тың деректер жинады, деп хабарлайды Paryz.kz.
ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған оқиғаға қатысы бар деген екінші күдікті жігіттің жеке басы анықталып, қамауға алынды.
«Ол жергілікті тұрғын, жас жігіт. Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қылмыстық әрекетті қалай жасағандарын оқиға орнында нақтылап көрсетті. Бүгінгі таңда екі жігіт қамауға алынды», - делінген хабарламада.
Айта кетсек, бірінші күдікті ретінде 11-сынып оқушысы ұсталған болатын.
Қазіргі кезде күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
«Тергеу барысында оқиғаның толық мән-жайы анықталатын болады. Тергеу ісі Түркістан облысы ПД басшылығының жіті бақылауына алынған», - делінген хабарламада.