20.04.2023, 09:46

Павлодар облысында жоғалған әйел өлі табылды

Фото: видеодан скриншот

Павлодар облысындағы "Тұрсын" шаруа қожалығының маңында 16 сәуірде хабар-ошарсыз кеткен әйел өлі табылды, - деп хабарлайды Paryz.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін, 19 сәуірде Екібастұздың 34 жастағы тұрғынының денесі қардан табылды, мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

"Жергілікті жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталады. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 2023 жылғы 16 сәуірде Бесқауға ауылының тұрғындары ВАЗ-2104 автокөлігімен жоғалып кеткен ірі қара малды іздеуге шыққан. Сағат 19:00 шамасында жұбайы көлікке оралып, әйелін күткен. Ер адам әйелі оралмаған соң полицияға жүгінеді.

Полиция жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін үш техника жұмылдырылған. Төрт іздеу тобы, оның ішінде Екібастұз полиция басқармасының жеке құрамы, ТЖМ қызметкерлері, еріктілер және жергілікті тұрғындар бар.