Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Қара бүркітте» жазасын өтеп жатқан Владислав Челах екі рет тәртіп бұзған

Арқанкерген шекара бекетіндегі қайғылы жағдайдан кейін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челах жазасын «Қара бүркіт» мекемесінде өтеп жатыр. Қостанай облысында орналасқан ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мекемесінде өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар және өлім жазасына кесілгендер отырады.

«Қара бүркітте» жазасын өтеп жатқан Владислав Челах екі рет тәртіп бұзған
коллаж: Halyq Uni

Halyq Uni порталының тілшісі Айгерім Таубай министрлікке ресми сауал жолдап, 2013 жылдан бері Владислав Челахтың түрме тәртібін неше рет бұзғанын және оған қандай шара қолданылғанын сұрады.

Сотталған Владислав Челах жазасын өтеудің белгіленген тәртібін екі рет бұзған. Тәртіп ережелерін бұзғаны үшін 2014 жылдың 12 қыркүйегінде «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазаға тартылған. 2014 жылың 8 қазаныңда «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазаға тартылды. Қазір өтеп жатыр, - делінген ресми жауапта.

«АРҚАНКЕРГЕНДЕГІ» ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА

2012 жылдың 28 мамырында қазақ-қытай шекарасында орналасқан «Арқанкерген» шекара бекетінде қайғылы оқиға болды. Мамырдың аяғында «Арқанкергендегі» шекарашылармен байланыс кенет үзілген. Содан кейін ол жерге жасақ жіберілген. 30 мамырда «Арқанкергенге» жіберілген жасақ шекара бекетінің жанып кеткенін хабарлады.

Бір күннен кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара қызметі өртеніп кеткен ғимараттан 12 адамның сүйегі, ал келесі күні тағы екі шекарашының мүрдесі табылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ бір қорықшының мәйіті табылған.

4 маусымда шекара бекетінен 24 шақырымда орналасқан қыстаулардың бірінде шекарашы Владислав Челах ұсталды. Ол кезде қарағандылық жігіт 19 жаста болған.

Ең алғаш ұсталған кезде Челах қылмысын мойындаған, бірақ кейін сотта барлығын жоққа шығарды. Ол өзіне қысым жасалғанын, кінәні мойындауға мәжбүр болғанын, ешкімді өлтірмегенін мәлімдеді.

Бұл іс бойынша сот үкімі 2012 жылы 11 желтоқсанда шықты. Сот Челахты 15 адамды өлтірді деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айырды