Қазақстан бойынша ораза айт намазының кестесі жарияланды

Сағындырған Рамазан айының да аяқталуына аз қалды. 21 сәуір – Ораза айт мейрамы. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы күні оқылатын Ораза айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін жариялады.

Қазақстан бойынша ораза айт намазының кестесі жарияланды
Фото: muftyat.kz

Ораза айт – мұсылмандардың құлшылық ететін әрі қуанатын ұлық мейрамы. Себебі бұл күні адамдар жақындарына сыйлық береді, жетімнің маңдайынан сипап, мұқтаж жандарға көмек қолын созады, жақсы істер жасап, бір-бірін қуантады. Адамзат баласының рухани әлемін байытатын, жүрегін мейірімге толтыратын айт мерекесінің ерекшелігі де осы болса керек.