Дүйсенова жәрдемақының аталған түрін тоқтатуға болмайтынын айтты.
«Атаулы әлеуметтік көмекті тоқтатуға болмайды. Бізде (көмек) алып отырған отбасылар бар. Олардың қатарында жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ азаматтар да бар. Сондықтан оларға атаулы әлеуметтік көмекті беру керек. Алайда АӘК-тің механизмін жетілдіру бойынша депутаттармен бірге жұмыс істейміз», - деді Тамара Дүйсенова.
Естеріңізге сала кетейік, жуырда Қазақстан халық партиясының Мәжілістегі депутаттары атаулы әлеуметтік көмекті алып тастауды, оның орнына ай сайын әр балаға 70 мың теңге жәрдемақы төлеп тұруды ұсынған болатын.