Қазақстан Үкіметі биыл инфляцияны екі есеге азайтуға күш салады. Бұл туралы бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
«Жылдық инфляция 18,1 пайызға дейін баяулады. Соңғы төрт аптада әлеуметтік маңызды азық-түліктің инфляциясы тіркелген жоқ. Біз биыл инфляцияны екі есеге азайтуды көздеп отырмыз», - деді Смайылов баяндамасында.
Премьер-министр атап өткендей, биыл 4,4 млн адам көтерілген әлеуметтік төлеммен қамтылмақ.