Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Арыстанбекті түрмеде отырса да қолдаймын»: Кітапхананың бұрынғы директоры Үмітхан Мұңалбаевамен сұқбат

17 сәуірде Астанада экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты сот процесі басталды. Осы орайда, Ұлттық академиялық кітапхананың бұрынғы директоры Үмітхан Мұңалбаева Halyq Uni youtube арнасына берген сұхбатында қамаудағы экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлымен араластығы туралы айтып берді.

«Арыстанбекті түрмеде отырса да қолдаймын»: Кітапхананың бұрынғы директоры Үмітхан Мұңалбаевамен сұқбат
Фото: Halyq Uni

Арыстанбек Мұхамедиұлы министр болып тұрған тұста Ұлттық академиялық кітапхананың бұрынғы директорының онымен жақын қарым-қатынаста болғандығы жиі айтылатын. 64 жастағы зейнеткер Үмітхан Мұңалбаева қамаудағы экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына тамақ апаруға барғысы келгенін, бірақ жүздесуге рұқсат ала алмағанын айтады.

Жақтаймын, қазіргі күнге дейін жақтаймын. Оразада өтірік айтуға болмайды. Ешқандай жақындығым жоқ. Бүгінде Арекең деп айтуға болмайды. Түрмеде қиналып жатқанына 9-10 ай болды ғой. Меніңше, осындай бір сұрақты түрме арқылы шешпей, басқадай бір жолдары бар сияқты. Ұжым, жолдастары дегендей, Арекеңнің іскерлігін барлығы айтады. Министрлердің көбімен жұмыс істедім. Абаевты құрметтеймін, білімді, парасатты кісі. Арыстанбек Мұхамедиұлын құрметтеймін. Өз айыбын өзі тартар. Бірақ кәсібилігі туралы айтар болсақ, Арыстанбек – мәдениеттің майталманы. Ол кісімен туысқаныдығым жоқ. Өтірік айтып не қылайын. Мұхамедиұылының кабинетіне кірмеген адаммын. Сіз сұраңыз, бірақ кітапханаға келгенде бір ауыз сөз айтып қалуға тырысатынмын, – деді ол Halyq Uni тілшісіне берген сұқбатында.

«Ал араласып, тамақ апарып беріп, ауруханадан соңғы жағдайын білуге мүмкіндік болды ма» деген тілші сауалына ол былай деп жауап берді:

Тамақ апарып берсем деген ұсыныспен шықтым. Мен ғана емес, мәдениет саласында жүрген қыздар-жігіттер сұрап жатыр екен. Мені кіргізбеді. Соңғы рет қашан көргенім есімде жоқ. Ауруханадағы жағдайын мүлде білмеймін. Басқа жақта болған сияқтымы», – дейді кітапханың бұрынғы басшысы.

Актер Тұңғышбай Жаманқұлов бұрынғы шенеунік Арыстанбек Мұхамедиұлымен арасындағы араздыққа қатысты пікір білдірген Үмітхан Мұңалбаева ешкімге кінә артпайтындығын жеткізді.

Сол кезде бір түнде видеосын көріп шықтым. Бетке ұстар үлкен актерді Әбіш Кекілбаев өте жақсы көретін. Бұл кісіге жарасымды емес қой деп күйіндім. Барлығы аман болсын. Әркім жазасын Алланың алдында өзі тартсын. Сол қылығын көріп, сол кезде шыдамай жазып жібердім. Уақыты келгенде Алла өзі таразылайды, – деп түсіндірді ол. 

Кезінде «Тұңғышбайды асу керек» деп пікір жазған бұрынғы басшының бүгінгі пікірі қалай өзгерді? Балабақшадағы тәрбиешіліктен ұлттық кітапхана басшысына дейінгі өсу жолында оған кімдер көмектесті? Белгілі драматург, жазушы Роза Мұқанова кітапхана жұмысын неге жиі сынады? Halyq Uni тілшісіне берген сұқбатында бұрынғы басшы, бүгінгі зейнеткер осы және өзге де сұрақтарға жауап берді.

Айта кетелік, бүгін 2022 жылғы 28 мамырда сот санкциясымен Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынды. Ол бюджет ақшасын жымқырды деген күдікке ілінген. Бүгін сот процесінде денсаулығының күн сайын нашарлап бара жатқанын айтқан экс-министрдің өтінішін сот қанағаттандырмады. 

«Сотталушы Мұхамедиұлы мен Көшенов ауыр қылмыс жасады деп айыпталып отыр. Сондай-ақ тергеу судьясының сотталушылар бостандықта болса, сот талқылауына кедергі келтіруі, соттан жасырынуы мүмкін екендігі туралы қаулысы бар. Сотталушы тергеу изоляторында медициналық көмек ала алады. Қажет болса басқа жерде де медициналық көмек ала алады, – деді судья Ыдырысов.

Сұқбаттың толық нұсқасын Halyq Uni youtube арнасынан көре аласыздар.