Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Әр отбасыға 180 мың теңгеден төленетіні рас па?

Қала балалары осы жазда өңірдегі Катонқарағай ауданына барып қазақ тілін үйренеді. Ресми мәліметке сүйенсек, қаладан келетін меймандарды қабылдайтын отбасылар таңдалып қойған, бағдарламасы да әзір деп хабарлады Paryz.kz Massaget сайтына сілтеме жасап.

Әр отбасыға 180 мың теңгеден төленетіні рас па?
Фото: stan.kz

Сол жерде өздері аялдаған отбасы мүшелерімен, ауыл тұрғындарымен ауызекі сөйлесіп үйренеді. Балалар Катонқарағай өлкесінде бірнеше күн болмақ. Өңір басшысы Даниал Ахметовтің сөзінше, қаладан баратын бүлдіршіндерді қабылдайтын жанұялар жататын жер, тамақпен қамтамасыз етіп, қазақша сөйлесуді үйретсе болды. Оларға 180 мың теңгеден төленеді.

«Мемлекеттік тілді үйренуге барлығының ниетті екеніне сенімдімін. Балалар Катонқарағай ауданының үш ауылына барып орнығып, мектепте оқиды деп жоспарланған. Табиғаты тұмса мекенде оқуға да, демалуға да болады», – деді аймақ басшысы.

Ресми мәліметке сүйенсек, қаладан келетін меймандарды қабылдайтын отбасылар таңдалып қойды, бағдарламасы әзір. Одан бөлек, топ жетекшісі мен еріктілер де ауылдарға жол тартады.