ҚР ұлттық қауіпсіздік комитеті Украинадағы әскери қақтығысқа қазақстандықтардың қатысу фактілерін тергеп жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz.
Tengrinews.kz жазуынша, ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі растады.
«Қазіргі уақытта ҰҚК-нің тергеу бөлімшелері Қазақстан Республикасы азаматтарының Украина аумағындағы қарулы қақтығысқа немесе ұрыс қимылдарына қатысу фактілері бойынша 10 қылмыстық істі тергеп жатыр», - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Ведомство қазақстандықтардың қай тарапқа қатысы барын нақты айтқан жоқ.
«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.