Астанада Әзербайжан президентінің көзінше егілген шыршалар қайта қазып алынды (ВИДЕО)

Астана қаласы Есіл ауданының әкімдігі Әзербайжан президенті келген кезде Гейдар Әлиев көшесінің бойына егілген шыршаның неге қайта қазылғанын түсіндірді.

Астанада Әзербайжан президентінің көзінше егілген шыршалар қайта қазып алынды (ВИДЕО)
Фото: akorda.kz

Әкімдіктің мәліметінше, ботаникалық бақтың аумағында көгалдандыру жұмысы жалғасады.

Видеода көрсетілген Гейдар Әлиев көшесіндегі 5 шырша ағашы тіршілігін қолайлы жағдайда жалғастыруы үшін 100 метр қашық жерге қайта отырғызылады. Қайта отырғызу көшеттерге зиян келтірмейтінін атап өткен жөн. Көгалдандыру жұмысының бір бөлігі ретінде ботаникалық бақ учаскесінің алдыңғы қатарына жөке секілді қатты ағаштар, сол сияқты арша ағашы отырғызылады, - деп түсіндірді Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дәрменияр Қыдырбекұлы.

Әкімдіктегілердің айтуынша, бұл іс-шаралар экологиялық жағдайды жақсартуға және келген жұртшылық үшін жайлы жағдай жасауға бағытталған.