Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Курсант өлімі: Алматыда ІІМ академиясының басшысы қызметінен босатылды

Сонымен қатар, Академияның тағы 16 аға қызметкері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Курсант өлімі: Алматыда ІІМ академиясының басшысы қызметінен босатылды
фото: ашық дереккөз

Алматыдағы Мақан Есболатов атындағы ІІМ академиясының курсанты Саламат Өтегеновтің қайтыс болуына байланысты Алматы қалалық Gолиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Суицидке жеткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Оның барысында марқұмның туыстары келтірген барлық дәлелдер тексеріледі, деп хабарлады paryz.kz, zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Оқу орнына ішкі істер органдарының кадр саясаты және ішкі қауіпсіздік басқармаларының басшылығы мен жауапты қызметкерлері арасынан арнайы топ жіберілді. Тексеру нәтижелері бойынша Ішкі істер министрлігінде Тәртіптік комиссия өткізілді.

"Ішкі істер министрінің бұйрығымен академия бастығы О.Х. Смайылов сеніп тапсырылған бөлімде жұмысты дұрыс ұйымдастырып, бақылауды қадағаламағаны үшін қызметінен босатылды. Оның тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстарға жауапты орынбасарын да қызметінен босату ұсынылды. Сонымен қатар, Академияның тағы 16 аға қызметкері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Олардың да бесеуі қызметінен босатылды", - деп мәлімдеді ІІМ баспасөз қызметі.

Академияның оқу үдерісі, тұрмыстық жағдайы, моральдық-психологиялық ахуалы, қаржылық-шаруашылық қызметі кіретін кешенді тексеру тағайындалды. Министрліктің ішкі аудит, кадр саясаты және ішкі қауіпсіздік департаменттерінің қызметкерлері білім беру мекемесіне жіберілді.

Тағы оқи отырыңыз: "Мен кеттім!": ІІМ академиясында оқып жүрген курсант суицид жасады

Министр Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша осындай тексерулер 2021 жылдың 1 тоқсанында Ішкі істер министрлігінің барлық оқу орындарында жүргізілетін болады.