Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Әлібек Қалбайдың өлімі: атыраулық сарбазға сот үкімі шықты

Алматыда әскери сотта Әлібек Қалбайдың өліміне кінәлі деп айыпталған сарбазға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Paryz.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап. 

Әлібек Қалбайдың өлімі: атыраулық сарбазға сот үкімі шықты
Фото: stan.kz

Атыраулық сарбаз Айболат Аманжолов қылмыстық кодекстің 440-бабы (Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу) бойынша кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, бұған дейін марқұмның туыстары мен сотталушының анасы тергеудің атүсті жүргізілгенін айтып, жазықсыз сарбаздың сотталмауы қажет екенін жеткізді.