Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Ақтөбеде үйінен өлі табылған әйел мен балаға қатысты тың дерек шықты

Ақтөбеде 35 жастағы әйел мен оның 16 жастағы ұлының аса жауыздықпен өлтірілген мәйіті табылған болатын. Оқиғаға қатысты тың деректер белгілі болды деп хабарлады paryz.kz.

Ақтөбеде үйінен өлі табылған әйел мен балаға қатысты тың дерек шықты
фото: diapazon.kz

«Диапазон» басылымының мәлімдеуінше, тірі қалған 13 жастағы қыздың беті бері қарап келеді.

Полиция тергеу барысына, күдіктілерге қатысты ақпаратты жарияламай отыр. Ал қолда бар ақпаратқа сәйкес, Гетиндер отбасы қаладағы Жилгородок ауданында тұрған. Екатерина кафеде әкімші болып жұмыс істеген. Вадим колледжде, ал София №16 орта мектептің 6-сыныбында оқиған. Көршілер, оқушылар мен таныстары отбасында ешқашан жанжал болмағанын айтуда.

Жантүршігерлік жағдай туралы 5:30-да полицияға қоңырау түскен. Көршілер 102-ге кішкентай қыз хабарласты дейді. Қылмыс орнына жеткен полиция мойнына пышақ жарақаты салынған Софияны ғана құтқарып қалды. Оған шұғыл түрде ота жасалды.

Қыздың жағдайы орташа ауырлық деңгейінде, өзін қалыпты сезінеді. Қазір есін жиды, оны профильдік бөлімшеге ауыстырамыз, – деді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Ербол Жапақов.

Мектеп басшылығы да Гетиндер отбасы туралы оң пікір білдірген.

Қанды қылмыстан бірнеше күн бұрын Софияның әкесі өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмған. Туыстары соңғы кездері қыз баланың олармен араласпағанын жеткізді. Қазір Софияның ең жақын туысы – ол Екатеринаның анасы Галина әжей. Ол Бекқұл Баба ауылында тұрады.

София жазылып келеді, әрі қарай оны өзім ауылға алып кетемін. Жерлеу рәсіміне адам өте көп жиналды, Екатеринаның әріптестері, мектеп пен колледжден де көңіл айтушылар келді, – деді Софияның әжесі Галина Гетина.

Көршілер де отбасының ешқандай күдік тудырмағанын, болған жайтқа қатты таңқалғандарын айтуда. Қылмыскер екінші қабаттағы пәтерге балкон арқылы кіруі мүмкін деген өз болжамдарын да жасырмады.