09.04.2023, 19:06

Шымкенттегі автобус апаты: қайтыс болғандар саны 5 адамға жетті

Фото: видеодан скриншот

Шымкентте 6 адамды автобус қағып кеткен оқиғада көз жұмғандар саны 5 адамға жетті, - деп хабарлайды paryz.kz

Айта кетейік, оқиға салдарынан 6 адам зардап шеккен еді. Оның үшеуі оқиға орнында көз жұмған.

"Соның ішінде облыстық балалар ауруханасы мен перинаталдық орталыққа жеткізілген екі науқас реанимациялық көрсетілген шараларға қарамастан ауыр жарақат салдырынан көз жұмды.

Ал қалалық клиникалық ауруханасына жатқызылған 2005 жылғы азаматшаның жағдайы бүгінде қалыпты", - делінген хабарламада.

Еске салайық, кеше, 8 сәуір кешкі сағат 18:30 шамасында "Метро" сауда үйінің жанындағы екі көшенің қиылысында жүргізушінің басқаруынсыз қалған автобус қарсы бағытқа шығып кетіп, жаяу жүргінші жолағында тұрған 6 адамды қағып кеткен.