Шымкентте жүргізушісі жоқ автобус 4 адамды қағып өлтірді

Шымкентте жүргізушісі жоқ автобус 6 адамды қағып кетті, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

Шымкентте жүргізушісі жоқ автобус 4 адамды қағып өлтірді
фото: polisia.kz

8 сәуір кешкі сағат 18:30 шамасында «Метро» сауда үйінің жанындағы екі көшенің қиылысында жүргізушісі жоқ автобус қарсы бағытқа шығып кетіп, жаяу жүргінші жолағында келе жатқан 6 адамды қаққан.

Салдарынан екі әйел мен жасөспірім оқиға орнында және кәмелетке толмаған қыз жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Тағы екі адам ауруханада жатыр