Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Алматы элитасына қызмет көрсететін жезөкшелер үйі әшкереленді

"Олардың үшеуі Өзбекстаннан келсе, қалғандары – біздің отандастарымыз, негізінен Түркістан және Жамбыл облыстарының тұрғындары", – деді жезөкшелер туралы мәлімет берген полиция бастығы.

Алматы элитасына қызмет көрсететін жезөкшелер үйі әшкереленді
фото: дереккөз

Алматылық полицейлер қалада жедел іс-шаралар жүргізу барысында жезөкшелер шоғырланған орынды анықтады, деп хабарлады paryz.kz, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Жезөкшелер үйі қаланың Медеу ауданындағы зәулім үйде орналасқан. Белгілі болғандай, оның жұмысшылары тұрақты, сенімді клиенттерге ғана қызмет көрсеткен. Жалпы, бұл бизнесті алға жылжытатын негізгі алаңдар – хабарландырулар, танысу сайттары және танымал мессенджерлер. Мысалы, бұл жеңіл жүрісті әйелдер өз істерін сауықтыру массажымен "бүркеген". Жалпы, кеше түнде 23 жеңіл жүрісті әйел ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілді. Олардың үшеуі Өзбекстаннан келсе, қалғандары – біздің отандастарымыз, негізінен Түркістан және Жамбыл облыстарының тұрғындары. Әкелінген әйелдердің заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексерілді", – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Сонымен қатар, полиция жезөкшелікпен айналысуға үй-жай берген ғимарат иесі мен жезөкшелер үйін ұйымдастырушының жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.