Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Forbes нұсқасы бойынша ең бай қазақстандықтар аталды

Америкалық Forbes журналы әлемдегі ең бай адамдардың рейтингін жариялады. Тізімде алты қазақстандық бар, - деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Forbes нұсқасы бойынша ең бай қазақстандықтар аталды
Фото: tengrinews.kz

Forbes нұсқасы бойынша ең бай қазақстандық Владимир Ким. Ол - KAZ Minerals компаниясының президенті және атқарушы емес директоры. Кәсіпкер "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің мажоритарлық иесі саналады.

Журнал оның байлығын 4,6 миллиард долларға бағалаған. Forbes real-time жаһандық рейтингінде бизнесмен 591-орында.

Рейтинг бойынша 636-орында тұрған Тимур мен Динара Құлыбаевтартардың әрқайсының активтері 4,3 миллиард доллар болады.

Тимур Құлыбаев сингапурлық Steppe Capital Pte Ltd компаниясының үлесіне ие. Ол Joint Resources АҚ-ның жалғыз иесі. Құлыбаев "Кипрос" ЖШС-нің негізгі иесі, бұдан басқа Mercury Properties ЖШС акцияларының бақылау пакетіне ие.

Жұбайы Динара Құлыбаевамен тең дәрежеде "Фирма "Алмэкс Плюс" ЖШС мен "Алмэкс" холдингтер тобы" АҚ иелік етеді.

Halyk Bank-те Құлыбаевтар 69,52 пайызыға тең құқылы. Динара Құлыбаева Нұрсұлтан Назарбаев Білім қорының жалғыз құрылтайшысы.

Тізімде Kaspi.kz сайтының акционері және директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким де бар. Оның байлығы 3,6 миллиард долларға бағаланады, бұл - рейтингтегі 787-орын.

Ең бай қазақстандықтардың қатарында Тимур Турлов бар. Ол Forbes real-time жаһандық рейтингінде 3,1 миллиард доллар байлығымен 949-орында.

Ең бай қазақстандықтардың тізімін рейтингтің 1104-қатарында тұрған Болат Өтемұратов аяқтады. Журнал оның байлығын 2,7 миллиард долларға бағалайды.